Қазақстан Құрлық әскерлерінің танк экипаждары «Танк биатлоны» байқауының ақтық кезеңіне шықты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Алабино» полигонындағы жартылай финалдық жарыс екі сайыстан тұрды. Бірінші «Эстафета» жарысын Қазақстанның танкистері қызыл танкте, ал Үндістандықтар – жасыл, Сербиялықтар – көк танкте және Армениялықтар – сары танкпен бастады. «Жарыс нәтижелері бойынша Ресейдің, Қытайдың, Қазақстанның және Сербияның танкистері финалға шықты», - деп жарыстың бас қазысы генерал-майор Евгений Поплавский хабарлады. Эстафетаның ережесіне сәйкес бір танк төрт шақырымды үш мәрте айналып өтеді. Жалпы әр топ сайыс бойынша тоғыз рет айналып өтуі немесе 36 шақырым жасауы тиіс болатын. Қазақстандықтар тапсырманы 78 минут 18 секундта орындап шықты. «Танк биатлоны» байқауының финалы 15 тамыз күні өтеді. Жеребелердің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің танкистері төртінші жолда сары танктен бастайтын болады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024