Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz - Қазақстанда халық мүлкінен жиналған ең көп салық мұнайлы аймақтарға тиесілі. Қызылорда және Маңғыстау облысынан жиналған мүлік салығы 24-25%-ды құрайды. Бұл туралы ranking.kz хабарлайды.
Агенттіктің мәліметінше, Атырау облысынан түскен салық түсімі — 14%. Аталған аймақтардағы жеке тұлғалардан жиналған мүлік салығының жалпы үлесі 9%-ды құрайды.
Ал Алматы аумағынан жиналған салық көлемі - 17%-ға, 3,4 млрд теңгеге дейін өсті. Алматы қаласының өзінен жиналған мүлік салығының көрсеткіші - 8% немесе 10,9 млрд теңгені құрайды.
Астана қаласына жиналған мүлік салығы 5,4 млрд теңге шамасында. Жылдық өсім - 11%. 16 аймақтың ішінде салық өсімі Шығыс Қазақстан облысында 2%-ға азайған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024