
2014 жылы мекенжайға жалған тіркеу жасатқан қазақстандықтарға жарты миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Олар өзінің тұрғын-үйлеріне іс жүзінде бірге тұрмайтын азаматтарды тіркеуге отырғызған. Бұл жөнінде ҚР ішкі істер министрлігінің көші-қон полициясы департаменті хабарлады.
"Өз атында тұрғын үйі немесе ғимараты бар азаматтардың сол жерде іс жүзінде тұрмайтын жеке тұлғаны тіркеуге алуға тыйым салынады. 2015 жылдың алғашқы екі айында тұрғын-үйі бар 196 меншік иелеріне 441 мың теңге көлемінде, 2014 жылы 135 100 адамға 577 миллион 900 мың теңге көлемінде айыппұл салынды", - деп түсіндірме бере кетті көші-қон полициясы департаменті.
Сонымен қатар, 2015 жылдың екі айында 14 311 азамат жеке басын куәландыратын құжатсыз немесе мекенжайға тіркелмегендіктері үшін он күннен үш айға дейін жауапкершілікке тартылды.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025