Қазақстандықтар қайтадан ресей валютасын сатып ала бастады. 2015 жылдың басынан бері ақша айырбастау пунктері 169,87 млрд рубль сатқан. Өткен жылғы көрсеткішпен (47,19 млрд рубль) салыстырғанда 3,6 есеге көп. Бұл туралы LS хабарлайды.
Рубль Осы жылдың тамыз айында 25,04 млрд рубль сатылып алынды. Бұл шілде айындағы саудадан 4,84 млрд рублге артық. Естеріңізге сала кетсек, 2014 жылдың қазан айында Ресейдегі девальвациядан соң, қазақстандықтар жаппай көрші елден рубль сатып алған болатын. Сонымен қатар бір айдағы сатылымның максимал көлемі 29,48 млрд рублға жеткен. Доллар Доллардың сатылымы тамыз бен шілде айларын салыстырғанда біраз төмендеген. Шілде айында 1,76 млрд доллар сатылса, тамыз айында 1,54 млрд доллар сатылған.Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың басынан 11,5 млрд доллар сатылды. І жартыжылдықтағы сатылымның жоғарғы көрсеткіші сәуір айында болды. Мамыр айында бұл көреткіш рекордтық минимал сатылым - 976,2 млн долларға түсті. Еуро Еуропалық валюта долларға қарағанда қазақстандықтардың сұранысына ие емес. 2015 жылдың І жарты жылдығында еуроның сатылымы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 30,52%-ға түскен. Шілде айында 127,4 млн еуро сатылса, тамыз айында 79,5 млн еуроға төмендеген. Қазақстандықтардың еуроға сұранысы 2015 жылдың І жартыжылдығында 596,1 млн еуро болды, алайда өткен жылы бұл көрсеткіш 858 млн еуро болатын.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024