Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар қанша зейнетақы алады?

Қазақстандықтар қанша зейнетақы алады?

Алматы. 19 маусым. 7kun.kz –  2018 жылдың 1 мамырында зейнетақы жинақтарының сомасы 8,13 трлн теңгеге жетті. Есептік мерзімде БЗЖҚ-дан 83 млрд теңгеден астам зейнетақы төленген, деп хабарлайды LS.

Бірыңғай зейнетақы жинақ қорының (БЗЖҚ) деректері бойынша 2018 жылдың төрт айындағы жалпы түсімдер сомасы 266 млрд теңгеден асты, осылайша бұл көрсеткіш 2017 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 11%-ға өсті.

Сонымен қатар 1 мамырда қор жасаған төлемдер сомасы 83,03 млрд теңгеге жетті, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жіберілген аударымдар 5,7 млрд теңгені құрады.

Еліміздегі жалпы зейнетақы алушылардың саны 2,14 млн адамнан асады. Ал 2017 жылы зейнеткерлер саны 2 млн адамнан асқан болатын.

Статистика бойынша, комитет деректеріне сәйкес қайтарым бойынша 2,05 млн адам төлемдер алып отыр (2017 жылы 1,97 млн адам).

2018 жылы айлық зейнетақының орташа мөлшері 50,85 мың теңгені құрады. Ал, 2017 жылдың дәл осы мерзімінде бұл көрсеткіш 42,47 мың теңге болды.

Еліміздегі ең төмен айлық зейнетақы 31,24 мың теңгені құрайды (2017 жылы 25,82 мың теңге).

Ең жоғары зейнетақыны Астана (63 мың теңге) және Алматы (61 мың теңге) қаласының тұрғындары алады. Ал, ең төменгі көрсеткіш Жамбыл (45,16 мың теңге) және Оңтүстік Қазақстан (41,9 мың теңге) облыстарында тіркелді.

Похожие материалы