Қазақстанның ұялы байланыс нарығы тоқсандық зерттеу кезінде тұтынушылардың 78 %-ы байланыс үшін ай сайын өз қалтасынан 2 мың теңге жұмсайтынын мәлімдеді. Ең көп қолданушылар 16-29 жас аралығын құрайды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.
Қазақстанда әрбір төртінші адам батырмалы телефонды пайдаланады. Смартфондардың танымалдылығына қарамастан тұтынушылардың 40 пайызы интернет трафикты пайдалану арқылы бар болғаны 1 Гб ақпаратты өзіне жүктейді. Ал интернетті белсенді пайдаланушылар көлемі - 17%. Олар кемінде 6 Гб ақпаратты өздеріне ала алады.
Зерттеудің бір бөлігі ұялы байланыс операторларына арналған. Келтірілген мәлімет бойынша, абонент ұзақ жылдар бойы тек бір ғана оператор қызметін пайдаланады. Сауалнама жүргізу кезінде қолданушылардың 57%-ы өздерінің ұялы байланыс қызметін 5 жылдан аса пайдаланғандығы мәлім болды. Ал 14%-ы 3-5 жыл пайдаланса, 18%-ы 1-3 жыл қолданады.
Осы жылы тұтынушыларға өздерінің он санды нөмірлерін сақтай отырып, операторлардың жаңа қызметін жүзеге асыру жоспарланған. Бұл "мобильдік құлдықтан" (Mobile number portability қызметі)бас тартуға мүмкіндік беруі мүмкін. Осыған орай байланыс операторын өзгерту туралы сауалнамаға абоненттердің 64%- өз операторында қалатынын, 21%- ы егер байланыс қызметі жақсы болса мүмкіндікті пайдаланатынын, ал 12%-ы төменгі тариф жоспарын ұсынатын операторларға бірден ауысатынын мәлімдеді.
Зерттеу кезінде абоненттерге айына 2 мыңнан төмен баға ұсына алатын (ұлттық тарифтік жоспарлар) ұялы операторлар қызметіне сараптама жасалды.
Зерттеу жұмысы 2015 жылдың қыркүйек айында 4Service Group компаниясында өткізілді. Сауалнамаға Қазақстандағы ұялы байланыс қызметін пайдаланушы 1200 абонент қатысты.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024