«NOMAD» сақтандыру компаниясының сарапшылары 2016 жылы қазақстандықтар жиі саяхаттаған шет елдің тізімін жасады.
Оны анықтау үшін аталған компания 24 мыңнан астам полистерді сараптап шыққан. Нәтижесінде, қазақстандықтар саяхаттаған танымал шет елдердің рейтингі дайындалды.
Рейтингте Шенген аймағы елдері (Германия, Испания, Италия, Греция) көш бастап тұр. Қазақстандық туристерге 2016 жылдың басынан берілген барлық медициналық полистің 32 пайызы осы елдерге шығатындарға ресімделген.
Балаларымен демалыс өткізу мәселесінде қазақстандықтар негізінен 2016 жылы Түркияны таңдағаны белгілі болды. Компания ресімдеген полистер бойынша сараптайтын болсақ, Түркияға берілген полистер пайыздық көрсеткішпен есептегенде 19 пайызды құраған.
Түркиядан кейін рейтингте үшінші орынды Біріккен Араб Әмірліктері алған. Ол елге барушылардың медициналық сақтандыру полистері 17 пайыз болды.
Қазақстандықтар саяхаттағанды ұнататын төртінші ел Тайланд корольдігі. Бұл елге саяхаттаушы қазақстандықтардың сақтандыру полисі 8,1 пайызға жетті. Келесі орында - Ресей мен Грузия. Аталған елдерге барлығы 2 пайыз полис ресімделген.
«Жалпы, жаһандағы ахуал, халықтың табыс көзінің азаюы, шет елге демалушылардың санын кемітіп отыр. 2015 жылы жаз маусымында баруға ыңғайлы болған елдерге 2016 жылы барушылар көп болмады. Ресми статистика бойынша, 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығында шетелге Қазақстаннан 4,5 млн турист шыққан. Бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңі, алғашқы жарты жылдығымен салыстырғанда 18 пайызға төмен. 2015 жылы ол кезеңде Қазақстаннан 5,5 млн турист шетелге барып демалған», — делінген сақтандыру компаниясының хабарламасында.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024