Алматы, 31 тамыз. - 7kun.kz Қазақстандықтар интернет арқылы белсенді түрде несие алып жатыр. Бұл туралы "Займер" компаниясының сарапшылары хабарлайды.
Мамандардың сөзінше, Қазақстандағы интернет-қарыз нарығындағы қаржы айналымы 7 млрд теңгені құрайды. Жыл басынан бері халықтың онлайн-кредитке деген қызығушылығы 4 есе өскен.
"Займерден" хабарлағандай, дефолтты онлайн-қарыздар көлемі жыл басынан бері 13,3%-ға төмендеген.
"Интернет-кредитті мерзімінен бұрын төлеу көрсеткіші де жоғарылады. Қазақстандықтар 55,88%-ға кредиттік қарыздарын уақытынан бұрын төлей бастады. Қарыздың орташа сомасы да 5 есе өсті", - деп атап өтеді компаниядан.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024