Алматы. 30 қазан. 7kun.kz - Қазақстандағы жеке тұлғалардың "нашар" несиелер саны 8,7 пайызға қысқарған. Бұл туралы туралы Ranking.kz хабарлады.
Бұған дейін "нашар" несиелер көлемі қатарынан екі жыл 12,3 пайыздан 10,1 пайызға қысқарған еді. Ал несие көлемі 4 трлн теңге төңірегінде болған. Жеке тұлғаларға берілген несие көлемі 7,7 пайызға (348,4 млрд) өсіп, тамызда 4,4 трлн теңгені құрады.
Несие қоржыны көлемінің 64,0 пайызын тұтынушылық несие, 26,0 пайызын тұрғын үй сатып алуға берілетін несие алады.
Жеке тұлғалардың мерзімі өтіп кеткен қарызы 14,1 пайызға (12,2 млрд теңге) қысқарып, 379,7 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар, тұтынушылық несие алғандардың несиелік қарызы 8,6 пайыздан 7,0 пайызға, тұрғын үй сатып алушылардың қарызы 9,2 пайыздан 7,9 пайызға қысқарған.
Айта кетейік, Қазақстанды бірнеше банктер несиені өтеуге қайта қаржаландыруды ұсынады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024