Алматы. 29 мамыр. 7kun.kz - Қазақстанда нотариалдық қызметке сұраныс азайды. Бұл туралы ҚР әділет министрі Марат Бекетаев хабарлады.
«Жалпы елімізде нотариалдық қызмет көлемі кеміп бара жатқанын атап өткен жөн. Бұл енді шарасыз нәтиже. Технологиялар дамыған сайын, нотариалдық қызмет қысқара береді. Нотариалдық қызмет дегеніміз не? Бұл қандай да бір оқиғалар мен фактілерді куәландырып, растауды білдіреді. Қазіргі кезде нотариусты шақырғанша, видеоны жаза салу арзанға түседі. Алдағы осы тектес технология дами түседі, сондай-ақ біздің азаматтық-құқықтық айналымда қолданысы тереңдей береді. Бұл - бірінші тренд. Екіншіден, рәсімдерді жеңілдету жүріп жатыр. Яғни нотариалдық куәліктің, құжаттар көшірмесінің және түрлі құжаттардың қажеттігі азайып келеді», - деп атап өтті министр.
Министрдің айтуынша, бұған дейін нотариалдық корпус 1980 болған. Ал 2011 жылы нотариат туралы заңнамаға елеулі өзгерістер енгеннен соң корпус 470-ке артқан. Оның ішінде негізгі өсім 2012-2014 жылдарға тиесілі. Нотариустың санының артуы баскелестік туғызып, сапасы жақсарып, қызметтер заңды бола түскен.
Дереккөз: inform.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024