Экономика
IT, Технология
Қазақстандықтар үшін QIWI төлемдерінің лимиті екі есе артты
QIWI компаниясы ақпан айынан бастап қазақстандық QIWI Әмияндардағы ақшалай лимит арттырлғандығын хабарлайды.
Енді комиссияны ескергендегі төлемнің максималды соммасы 182 500 тенге. Бұрындары төлемнің тағайындалуына байланысты бір транзакцияның лимиті 70-75 мың теңге болатын.
Лимиттің 182 500 теңгеге дейін жоғарылауы қазақстандық компаниялар мекенжайына бағытталған төлемдер үшін ғана қолданылады. Сәйкесінше, төлем кезінде валюта ретінде теңге таңдалуы тиіс.
"QIWI Әмияндағы лимиттердің арттырылуы - өте маңызды қадам, бір жағынан, біздің пайдаланушыларымыздың мүмкіндіктері мен жайлылық аймағын кеңейеді. Басқа жағынан, біз осылайша қазақстандық кәсіпкерлерге қолдау білдіреміз, бұл заманауи нарық жағдайларында зор маңызға ие", - деп мәлімдеді QIWI Kazakhstan директоры Владимир Ким.
Бүгінгі таңда QIWI Әмиянға ТКШ-дан бастап, интернет-дүкендер мен қайырымдылық қорларына дейін түрлі бағытта қызмет көрсететін 800 қазақстандық компания қосылған.
Ақпарат көзі: millioner.kz