Алматы. 25 қазан. 7kun.kz - Қазақстандық эмитенттердің төлем картасымен жүргізген операциялар көлемі 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте 9,6 трлн теңге сомасына 323,7 млн транзакцияны құрады. Бұл 2016 жылғы транзакциялар санынан 36 пайызға, ал сомасынан – 29 пайызға көп.
2017 жылдың тоғыз айында қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдер үлесі 47 пайызға дейін (2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 35,4%) өссе, көлемінің үлесі 20,4 пайызға (15,1%) дейін ұлғайды.
Ұлттық банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі мен Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 643,4 трлн теңгеге 26,4 млн транзакция жүргізілген (2016 жылдан 0,6 пайызға аз, төлемдер сомасы 49,2 пайызға көп). Орташа алғанда бір күн ішінде жүргізілген 3,5 трлн теңгеге 145,3 мың болды.
Сондай-ақ, ақша аудару жүйелері арқылы 361,6 млрд теңге сомасында 1,9 млн транзакция жөнелтілген. 2016 жылдан өсу 24 пайызды құрады. Көп жағдайда аталған жүйелерді Қазақстаннан тыс жерлерге ақша аудару үшін пайдаланады.
2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төлем карталар шығарылымын 25 банк пен «Қазпочта» АҚ жүзеге асырды. Эмиссияланған және таратылған төлем карталарының жалпы саны 17,9 млн бірлікті құрады.
Қазақстанда төлем жасауға төлем карталарын қабылдайтын 74,4 мың сауда кәсіпорны жұмыс істейді. Бұл 2016 жылдан 20,2 пайызға көп.
Дереккөзі: ҚР Ұлттық банкі
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024