Алматы. 20 маусым. 7kun.kz - Қазақстандық отбасылар тамаққа көп қаржы жұмсайтын болған, жалпы тұтыну шығынының 46%-ы азық-түлікке кетеді. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
Қазақстандық отбасылардың тамаққа жұмсайтын шығыны күн санап артып келеді. 2017 жылғы I тоқсан қорытындысы бойынша, үй шаруашылығындағы жалпы тұтыну шығынында азық-түлікті сатып алуға жұмсалған қаржының үлесі 45,9 пайызды құрады. Бұл соңғы 5 жыл ішіндегі ең жоғары меже.
Айта кетейік, бұл көрсеткіш 2016 жылдың қаңтар-наурызында 44,4 пайыз деңгейінде болған. Ең көп қаржы ет және ет өнімдеріне жұмсалған. Мысалы, 2016 жылғы 1 тоқсанында тұтынушылық бюджеттегі үлесі 14,6 пайыз болса, биыл оның үлесі 15,3 пайызға өскен.
Ал нан мен жарма өнімдеріне - 7,4 пайыз қаражат жұмсалады екен. Бұл көрсеткіш өткен жылы 7,1 пайызды құраған. Нан мен жарманы тұтыну бір жылдың ішінде 0,7 пайызға өскен.
Жалпы бағаның өсуі салдарынан көкөністерге де жұмсалатын қаражат ұлғайған. 2017 жылдың І тоқсанында тұтыну шығыны 3,4 пайыз болды. 2016 жылы бұл көрсеткіш 3,1 пайызды құраған.
Ал, балық және теңіз өнімдерін сатып алуға қаржы аз жұмсалатын болған. 2016 жылы бұл азық түріне жұмсалатын қаражат жалпы шығынның 1,65 пайызын құраса, 2017 жылы 1,5 пайыз болды. ҚР тұрғындары бұл өнімді 4,6 пайызға аз тұтынады. Бағаның өсуі мен нақты табыстың қысқаруы салдарынан халықтың аз қамтылған бөлігі азық-түлікті шектеуге мәжбүр.
Дереккөз: inform.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024