2015 жылдың тамыз айында депозиттік ұйымдардағы резиденттердің жинақ көлемі 13 205,5 млрд теңге болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Заңды тұлғалардың депозиті 8 037,2 млрд теңге болса, жеке тұлғалардікі 5 168,3 млрд теңге болды.
Тамыз айының соңындағы ақпаратқа сүйенсек, ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 5 389,2 млрд теңге болса, шетел валютасымен сақталған депозит көлемі- 7 816,3 млрд теңгені құрады.
Ал тамыз айының соңында банктегі салымдардың жалпы көлемі (резидент еместерді қосқанда) 5 226,7 млрд теңге болды. Халық салымының құрылымы ұлттық валютамен 1 380,4 млрд теңге болса, шетел валютасымен 3 846,2 млрд теңгені құрады. Халық депозитіндегі теңге үлесінің салыстырмалы мөлшері - 26,4%.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024