Астана. 7 ақпан. 7kun.kz – ҚР мәдениет және спорт Министрлігі қазақстандықтарды жылына төрт рет театрға және айына бір рет мұражайға тегін кіргізуді ұйымдастырып жатыр. Бұл туралы Арыстанбек Мұхамедиұлы үкімет отырысында мәлімдеді.
«2017 жылдың алғашқы жартысында өткізілетін бағдарламалар жобасы бойынша, мәдениет және спорт министрлігі екі іс-шараны қарастырып отыр. Біріншісі – халыққа мәдениет орындарына тегін кіруге мүмкіндік беру. Мұражайларға әр айдың үшінші жексенбісінде, ал театрға жылына 4 рет тегін кіруге рұқсат етіледі. Дем алушылар онда 27 наурыз – Дүниежүзілік театр күнінде, Балаларды қорғау күнінде, Білім күнінде және Тәуелсіздік күнінде бара алады»,-деп хабарлады мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Министрдің сөзінше, орта мектептерде оқитын оқушылардың да демалыс және мектеп бағдарламасы аясында театрлар мен мұражайларға тегін баруға мүмкіндіктері болады.
Осы жобаның арқасында министрлік қазақстандықтардың мәдени орталықтарға бару деңгейін 2017 жылдың соңына дейін 45 пайызға көтеруді көздеп отыр.
Екінші бағыт ол – жалпы білім беру мекемелерінде спорт ғимараттарын салу арқылы халықтың дене шынықтыру мен спортқа қызығушылығын арттыру. Бұл шара мақсаты - спортпен шұғылданатын азаматтар санын 28 пайызға өсіру.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024