Алматы. 3 маусым. 7kun.kz - Қазақстандықтар екінші деңгейлі банктерге 3,7 трлн теңге қарыз. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы бастығының орынбасары Иман Әл-Кейси хабарлады.
«2017 жылдың 1 сәуірінде жеке тұлғалармен жасалған қарыз келісімшарттары 5 млн 383 мың болды. Олар бойынша қалдық борыш 3,7 трлн теңгеден асады. Оның ішінде 1,5 трлн теңгеден астам сомаға шамамен 338 мың келісімшартқа жылжымайтын мүлік түрінде кепіл қойылған», - деді ол.
Иман Әл-Кейсидің мәліметінше, төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен 464 мың 521 банктік қарыз келісімшарты бар. Олардың қалдық борышы 442,7 млрд теңгені құрайды. Ал оның ішінде сомасы 224,5 млрд теңгені құрайтын 3319 банктік займ келісімшартына жылжымайтын мүлік кепілде тұр. Бұл ұлттық банктегі алдын ала мәліметтер.
Дереккөз: inform.kz