Алматы. 14 шілде. 7kun.kz - 2018 жылдың маусымында қазақстандықтардың орташа кесімді жалақысы 163,6 мың теңгені құрады.
Экономика министрлігі статкомитетінің мәліметінше, 2018 жылдың мамырында әрбір жан басына шыққан орташа кесімді жалақы 84,2 мыңнан астам теңге болды. Бұл 2017 жылдың мамырымен салыстырғанда 5,1% жоғары.
Сол уақыт аралығындағы нақты табыс 1,1% азайды.
2018 жылдың ақпанына үңілсек, кесімді жалақының орташа көрсеткіші 151,5 мың теңгені құраған. Ал 2018-дің қаңтарында әрбір жан басына шыққан орташа кесімді жалақы 81,2 тың теңгеге шығып, 2017 жылдың қаңтарынан 5,5% жоғары болды. Бұл уақыт аралығында нақты табыс 1,2% төмендеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024