Экономика
Қазақстанда шетел валютасымен салынған депозит үлесі 65,9 %-ды құрады
Қазақстанда 2015 жылдың 10 айында шетел валютасымен салынған депозит үлесі 65,9%-ға өсті. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев мәжіліс отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды vlast.kz.
«2015 жылдың он айында депозит көлемі 24,6%-ға артты. Ал шетел валютасымен салынған депозит үлесі 55,5%-дан 65,9%-ға дейін өсті», - деді Д. Ақышев.
Оның айтуынша, мұндай өсім ұлттық валюта әлсіреп кеткеннен кейін болған қайта бағалау көрсеткіші. Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктердің несиелендіру көлемі 12 трлн теңгені құрап отыр.
Фото: kapital.kz