Алматы. 25 қаңтар. 7kun.kz - Екінші деңгейлі банктердегі доллармен салынған депозиттердің деңгейі (депозиттердің жалпы көлеміндегі шетел валютасындағы депозиттердің үлесі) 2016 жылдың қаңтар айында 69,9% болса, жыл соңында 54,6%-ды құрады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Заңды тұлғалардың доллардағы депозиттері 62%-дан 49%-ға дейін, жеке тұлғалардікі 80%-дан 62%-ға дейін төмендеді.
2016 жылы теңгедегі депозиттер 66,4%-ға немесе 3,3 трлн теңгеге ұлғайды, ал шетел валютасындағы депозиттер 9,9%-ға немесе 1,1 трлн теңгеге төмендеді.
Теңгедегі депозиттер көлемінің өсуіне ұлттық валютадағы жинақ ақшаның тартымдылығын арттыру жөніндегі шаралар, сондай-ақ ішкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақтануы ықпал етті.
Айта кетейік, долларсыздандыру жүйесін орындау барысында Ұлттық Банк 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша ең көп ұсынылған мөлшерлемені 10%-дан 14%-ға дейін көтерді және шетел валютасындағы депозиттер бойынша 3%-дан 2%-ға дейін төмендетті.
Ұлттық банктің саясаты одан әрі де ұлттық валютаның тартымдылығын арттыруға және теңгедегі құралдардың барынша жоғары кірістілігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024