Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтардың шынайы табысы азайып келеді

Қазақстандықтардың шынайы табысы азайып келеді

Алматы. 28 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың ІІ тоқсанында бір жұмысшының орташа айлық номиналды жалақысы 149,9 мың теңгені құрады. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, 2016 жылдың ІІ тоқсанымен салыстырғнда номиналды жалақы 4,4 пайызға өскен. Ал шынайы жалақы керісінше 2,9 пайызға төмендеді.

Ең жоғары еңбекақы қаржы және сақтандыру саласында тіркелген. Онда бір айлық ораша жалақы мөлшері - 315,3 мың теңге, ал номиналды жалақы ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығында екен. Бұл қызметтерге төленетін ақы - 88,2 мың теңге.

Одан бөлек, транспорт секторында жұмыс істейтіндер (су тасымалы) 625 мың теңге, оның ішінде теңіз және жағауда жүретін жүк көліктері  қызметкерлері 746,6 мың теңге еңбекақы алады.

2017 жылдың сәуір-маусымындағы жалдамалы жұмысшылар саны - 3,7 млн адам болды.

Похожие материалы