Қазақстандық ВТБ Банктің 2014 жылы 722,42 млн теңге болған таза пайдасы негізгі әрі жалғыз акционер ресейлік ВТБ-ның дивиденттерін төлеуге жұмсалады деп хабарлайды LS.
Банктің бір қарапайым акциясына берілетін дивиденд 361,21 теңге көлемінде белгіленген. Дивиденттерді төлеу 2015 жылдың 15 мамырынан қалмай жүзеге асырылуы қажет. Аталған шешім 27 сәуір күні қабылданды. 2013 жылдың қорытындысы бойынша, қазақстандық ВТБ Банктің таза пайдасы 618,632 млн теңгені құраған еді. Сол уақытта жалғыз акционердің шешімі арқылы дивиденттерді төлеуге 353,62 млн теңге бөлінді. Бір қарапайым акцияға берілетін дивиденд бағасы 176,81 теңге көлемінде белгіленді. Қаржылық есептік халықаралық стандарт есептемесі бойынша, қаржы институтының активі өткен жылы 143,995 млрд теңгеден 153,099 млдр теңгеге дейін көбейген. Салық төлеміне дейінгі банктың табысы 2014 жылы 33,8% -ға ұлғайып, 1,096 млрд теңгеге дейін жетті. Таза пайыздық кіріс 6,2% -ға өсіп, 6,173 млрд теңгені құрады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024