Серіктестік аясында Қазақстандық (KASE) және Түркиялық (BIST) қор биржалары екеуара алаңда акция пакеттерін алуды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Алматы қаласында өткен Invest Show 2015 баспасөз конференциясы барысында KASE вице-президенті Наталья Хорошевская мәлімдеді.
«Қазақстандық биржа ұзақ уақыттан бері стратегиялық серіктес іздеуде. Бірақ, KASE өзге биржамен бірігу туралы қарастырып отырған жоқ », — дейді Хорошевская.
Қазіргі таңда Стамбулдық биржамен келісім жасалып жатыр, бағалау жүргізіліп болды. Серіктестік форматы - қазақтандық және түркиялық биржалар арасында кішігірім акция пакеттерін сатып алу.
«Серіктестіктің бірінші кезеңінде қазақстандық және түркиялық биржалардың бір-біріне қағаздарды сатуы жоспарланып отыр. Біз қазақстандық және түркиялық биржалардың екеуара серіктес-нарықтағы сауда жұмысы қаншалықты боларын байқағымыз келеді. Сатылымның нақты қашан басталары белгісіз», — дейді KASE вице-президенті .
2014 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстандық биржадағы сауда көлемі 260 млрд долларға жеткен. Борышқорлық қаржыландыруға шамамен 2 млрд доллардай қаражат тартылған. Нарық 1 млрд долларды құрап отыр деген ақпарат келтіріп кетті Наталья Хорошевская.