Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстаннан шетелдік брендтердің үштен бірі кетуі мүмкін

Қазақстаннан шетелдік брендтердің үштен бірі кетуі мүмкін

Алматы. 11 мамыр. 7kun.kz - Қазақстан ретейлер Қауымдастығының президенті Василий Горевой басылымдардың біріне берген сұхбатында сауда компанияларына дағдарыстың қалай әсер етіп жатқанын айтты.

Оның айтуынша, баға сегментінде стагнация бар. Бірақ соған қарамастан масс-маркеттердегі сауда көлемі жақсы нәтиже көрсетті. Ондағы тауардың орташа бағасы 5-10 мың теңге.

"Егер нарықтағы теңге өсімін бағаласақ, 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда аз ғана өсім байқалған. Ал 2017 жылы кей бағыттардағы сауда 20 пайызға өсті. Тауар бірлігі бойынша біз 2014 жылдағы девальвация алды көрсеткішке жақындап келеміз. Бірақ осы жылдың соңына дейін бұрынғы деңгейге көтерілеміз деп ойлаймын", - деген болжам жасады Горевой.

Оның айтуынша, Қазақстанның ретейл нарығы дағдарысқа дейінгі қалпында қалды. Нарық көлемі 100 млрд теңгеге жетеді.

"2017 жыл - негізгі құрылымдарды қайта құру жылы. Ол кей сауда орындарын кері әсерін тигізеді. Соған байланыты алықаралық танымал брендтер Қазақстан нарығынан кетуі мүмкін. Бұл тек сән ретейлдеріне ғана емес, тамақтану орындарына да қатысты. 2016 жылы брендетердің шамамен 15 пайызы нарықтан шықты. Ал 2017 жылы бұл көрсеткіш 30-35 пайызға дейін өсуі мүмкін", - деп атап өтті Қазақстан ретейлер Қауымдастығының президенті.

Горевойдың айтуынша, кейбір брендер Қазақстанның сауда орталықтарынан кетті. Оған ішкі мәселелер ғана емес, нарықтың қысымы да әсер етті.

Похожие материалы