
Осы жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстан Қытайға жалпы құны 471,9 млн доллар болатын 937,3 мың тонна шикі мұнай мен газ конденсатын экспорттады деп хабарлайды ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік табыс комитеті.
Бұл 2014 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда көлем жөнінен 60,3%-ға, сомасы жөнінен 74,8%-ға аз. Комитет сайтында жарияланған мәлімет бойынша, қаңтар-ақпан айындағы мұнай экспорты (Кедендік одақ елдерінің қатысуынсыз) құны 5,7 млрд долларға тең келетін 10,9 млн тоннаны құрады.
Қазақстандық мұнайдың ірі импортерлері: Италия - 3,4 млн тонна (- 20,1%) құны 1,8 млрд доллар (-48,7%); Нидерланды – 1,5 млн тонна (-20,7%) құны 697,7 млн доллар (-54,5%); Франция – 1,1 млн тонна (-28,5%) құны 517,6 млн доллар (-59,2%), Швейцария – 1,1 млн тонна (+5,5%) құны 542 доллар.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025