Астана. 5 мамыр. 7kun.kz - Ұлттық мультимодальды оператор 11 мемлекеттік әуежайды шетелдік компаниялардың басқаруына өткізуі мүмкін. Бұл туралы КазТАГ агенттігі хабарлады.
Транспорт және коммуникация вице-министрі Азат Бектұровтың айтуынша мемлекеттік әуежайлардың жағдайы төмен.
"Олардың көбісі аз активті, қызметі төмен және қайта жаңғырту мен менеджментті жақсартуды қажет етеді. Соған байланысты барлық осындай әуежайларды біріктіріп, сенімді компанияның басқаруына беруді шештік. Нәтижесінде әлемдік әуежайлар менеджементін кәсіби басқарумен айналысатын ірі шетелдік компаниялардың қызығушылығын тудырамыз", - деп атап өтті Бектұров.
Вице-министрдің сөзінше, 4 әуежай коммуналды меншіктен мемлекеттік меншікке өтті. Мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитеті бұл компанияларды ұлттық мультимодальды оператордың басқаруына беру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Ал басқа әуежайлар бойынша істеліп жатқан жұмыстардың біраз ерекшелігі бар. Оған себеп 3 әуе компаниясы бұрыннан бері "Самұрық-Қазынаның" құрамында. Қалған әуе компаниялары әлеуметтік кәсіпкерлер корпорациясы құрамында. Олар да Акционерлік қоғам болып есептеледі. Сондықтан онда жүйе басқаша. Ол туралы мәселелерді де қарастырып жатырмыз," - деп атап өтті транспорт және коммуникация вице-министрі.
Қазақстанда 20 әуежай жұмыс істеп тұр, олардың 15-і халықаралық статусқа ие. Ал 11 әуежай мемлекеттің меншігінде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024