2015 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша Қазақстанның алтын-валюта қоры Ұлттық банктың жалпы қоры мен Ұлттық қордың қаражатын қоса есептегенде 98,686 млрд долларды құрады. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлайды.
Өткен айда елдің алтын-валюта қоры 0,2%-ға, ал жыл басынан бері 3,7%-ға азайған. Ұлттық қор активтері 69,949 млрд долларды құрап, бір ай ішінде 0,3%-ға артқан (жыл басынан бері 4,9%-ға кеміген). Ұлттық банктың халықаралық жалпы қоры 1,3%-ға азайып, 28,737 млрд долларды құрады (жыл басынан бері 0,6%-ға кеміген). Ұлттық банктың халықаралық таза қоры өткен айда 1,4%-ға кеміп, 27,964 млрд долларды құрады (жыл басынан бері 0,01%-ға азайған). Осының нәтижесінде елдің валюта түріндегі активтері 2,95%-ға кеміп (жыл басынан бері 2,6%-ға азаю), 20,961 млрд долларды, ал алтын түріндегі активтері 3,4%-ға кеміп (жыл басынан бері 5,16%-ға азаю) 7,777 млрд долларды құрады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024