Ұлттық банк және Ұлттық қор қаражатын қоса есептегенде, Қазақстанның алтын-валюта қоры (АВҚ) 2015 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша 98,686 млрд. долларды қамтыды.
Ұлттық банк деректеріне сәйкес, өткен айдың ішінде Қазақстанның АВҚ-ы 0,2%-ға, жыл басынан 3,7%-ға төмендеді. Қазақстанның Ұлттық қорының активтері - 69,949 млрд. доллар, бұл көрсеткіш бір айдың ішінде 0,3%-ға артты (жыл басынан 4,9%-ға төмендеді). Ұлттық банктің жалпы халықаралық қорлары 2015 жылдың сәуір айында 1,3%-ға төмендеп, 28,737 млрд. долларға жетті (жыл басынан 0,6%-ға қысқарды). Ұлттық банктің таза халықаралық қорлары өткен айдың ішінде 1,4%-ға (жыл басынан 0,01%-ға) азайып, 27,964 млрд. доллар болды. Осылайша, валютадағы активтер 2015 жылдың сәуір айында 2,95%-ға, 20,961 млрд. долларға дейін (жыл басынан 2,6%-ға) төмендеді, алтындағы активтер өткен айдың ішінде 3,4%-ға, 7,777 млрд. долларға дейін (жыл басынан 5,16%-ға) артты. Сондай-ақ сайтымыздан теңге бағамын қорғау үшін 17 млрд. доллар жұмсалғаны турасындағы мағлұматпен таныс бола аласыз.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024