Астана. 6 ақпан. 7kun.kz - Қазақстанның Жалтыр станциясынан тұңғыш рет 32 контейнермен 700 тонна астық Ляньюньган порты арқылы Вьетнамның Хошимин портына жөнелтілді. Бұл туралы "Қазақстан Темір жолы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны «KTZ Express» АҚ Ляньюньган қаласындағы «Қытай-Қазақстан халықаралық логистикалық компаниясы» ЖШС-мен бірлесіп, басты жоба ретінде осы бағдарды таңдады.
Ляньюньган портында қазақстандық астықты жіберуге қатысты салтанатты шараға «Ляньюньган» порты МК» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Дин Жуй қатысқан. Ол Қытай тарапының Қазақстан аумағы арқылы көлік дәлізін дамытуға, қазақстандық өнімдерді Қытай аумағы арқылы Оңтүстік –Шығыс Азия елдеріне шығаруға қолдау көрсететіндігін атап өтті. Осы дәліз арқылы Қазақстанға Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің түрлі өнімдерін жеткізу де жоспарланып отыр.
Қазақстандық өнімді Ляньюньган портының әлеуетін пайдалана отырып жүзеге асыру Жібек жолы экономикалық белдеуін дамытуды көздейді. Ляньюньган теңіз порты Қытайдағы теміржол бағдарымен тікелей байланысқан әлемдегі ірі порттардың бірі.
Ляньюньган теңіз портындағы көлік-логистикалық терминалы «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны - «KTZ Express» АҚ мультимодальдық компаниясымен «Ляньюньган порты халықаралық логистикалық компаниясы» ЖШС бірлескен кәсіпорны болып табылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024