
Алматы. 12 ақпан. 7kun.kz – Инвестициялар және даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары болып Айбек Әлжанов тағайындалды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Айбек Қуанышұлы 2003 жылы Санкт-Петербург инженерлік-экономикалық университетін бітірген. 2005-2007 жылдар аралығында ҚР Президенті жанандағы Мемлекеттік қызмет академиясында білім алды. Соңғы 10 жыл көлемінде «Еуро-Азия Эйр» әуе компаниясында жұмыс істеді. Соңғы лауазымы «Еуро-Азия Эйр» компаниясы басқарма төрағасының орынбасары. Айбек Әлжанов ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің экономикалық блогына жетекшілік етеді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!