Алматы. 18 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстан 1,6 млн тонна бидай мен арпа экспорттады. Бұл туралы 7kun.kz хабарлады.
Бұл көрсеткіш 2016 жылдың қаңтар-мамырынан қарағанда 16,7 пайызға (307,7 млн долларға) аз.
Ал ақша көлемімен есептесек, 2016 жылдың аталған мерзімімен салыстырғанд 16,9 пайызға аз болып, 255,7 млн долларды құрады.
Бидайдың көп бөлігі Өзбекстанға сатылған. Аталған елге 72 млн долларға 616 мың тонна астық экспортталған. 376 мың тонна бидай Тәжікстанға сатылып, 60,8 млн долларға бағаланды. Ал Қытайға - 185 мың тонна (33,6 млн долларға), Ауғанстанға - 119 мың тонна (19,3 млн долларға), Қырғызстанға - 99,1 мың тонна (17,6 млн долларға), Италияға - 83,9 мың тонна (20,1 млн долларға) астық экспортталған.
Сондай-ақ, 2017 жылдың қаңтар-мамырында бидай аз экспортталған елдер: Ресей - 61,3 мың тонна, Швецияға - 21,2 мың тонна, Түркияға - 29,3 мың тонна, Туниске - 18,9 мың тонна.