Экономика
Қазақстанның Даму банкі жапониялық банктен $37,3 млн несие алды
Қазақстанның Даму банкі (ҚДБ) жапониялық Sumitomo Mitsui Banking Corporation банкінен(SMBC) 37 млн 290 мың доллар көлемінде несие алды деп хабарлайды ҚДБ баспасөз қызметі.
Аталған несие келісіміне 27 қазан күні Астанада банктердің басқарма төрағалары Болат Жәмішев пен Масахико Ошима қол қойды.
SMBC банкінен алынған қарыз 7 жыл аралығында ҚДБ-ның ортақ корпоративтік мақсаттарына, яғни банктің инвестициялық жобаларын қаржыландыруға жұмсалады.
Құжатқа қол қою Астанада өткен Қазақстан-Жапония іскерлік форумы аясында болды.
Қазақстанның Даму банкі 2001 жылы құрылған. Банктің негізгі бағыты - өндіріс инфрақұрылымын және өнекәсіп айналымын дамыту. Мемлекеттің ішкі және сыртқы экономикасын реттеу. Банк "Бәйтерек" ұлттық холдингінің құрамына кіреді.