Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі көліктік хабқа айналуға ықпал ететін қажетті шешім болып табылады. Бұл туралы «Қазақстанның бүгіні және ертеңі» дөңгелек үстелі жұмысының барысында ҚазАқпарат тілшісіне Ұлт көшбасшысы - ҚР Тұңғыш Президенті Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Сұлтан Әкімбеков хабарлады.
«Біз құрлықтың орталығында орналасқанбыз. Кез келген теңіз портынан алшақпыз. Сондықтан біз үшін сыртқы нарыққа шығу, сыртқы әлеммен өзара жұмыс істеуді үйренуге ұмтылу аса маңызды. Қытай да, Ресей де ДСҰ-ына кірген кезде бұл қадамның күрделі екенін сезінді, оларда да осыған байланысты көптеген мәселелер туындаған», - деді ол. С.Әкімбековтің айтуынша, еліміздің ДСҰ-ына кіруі оңай болмағанмен, қажетті шешім. «Бұл көліктік хабқа айналу идеямызды іске асыруға ықпал ететін болады деп ойлаймын, өтйкені біз жүк өткізетін қарапайым транзиттік аумақ қана емес, бұл мүмкіндікті халықаралық жүйеге қосылу үшін де пайдалануымыз қажет», - деп қосты ол. Еске салсақ, Бейжіңде «Қазақстанның бүгіні және ертеңі» дөңгелек үстелін Қытайдың шетелдегі достық халықтық қоғамының жәрдемімен ҚХР-дағы ҚР елшілігі, Қытай және Орталық Азия қытайлық Достық қоғамы ұйымдастырды. Оған 70-тен астам адам (дипломатиялық корпус, ғылыми орта, БАҚ өкілдері және т.б.) қатысты.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024