Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz - ҚР-ның ЕАЭО елдермен сауда айналымы 2016 жылы 16,8%-ға азайып, 13,6 млрд доллар құрады. Ресеймен тауар айналымы 16%-ға азайып, 12,6 млрд доллар болды. Қырғызстанмен 577 млн долларды (-18%), Беларусьпен 364,5 млн долларды (-33%) және Армениямен 4,6 млн долларды (-34%) құраған деп жазады Ranking.kz сараптамалық порталы.
ЕАЭО елдерімен экспорт 23%-ға төмендеп, 3,9 млрд долларға түсті. Металл мен бұйымдар экспорты 15%-ға көбейіп, 1,3 млрд доллар құрады. Минералды өнімдер экспорты 1,3 млрд доллар (-39%), химиялық өндіріс тауарлар экспорты 681 млн доллар (-35%), азық-түлік өнімдері 423,6 млн доллар (-11%) және машина мен құрал-жабдықтар экспорты -182,5 млн доллар (-8%) болды.
Қазақстандық тауарлар негізінен Ресей мен Қырғызстанға барады. РФ-дағы экспорт 3,5 млрд долларды (2015 жылмен салыстырғанда -23%), Қырғызстанмен 376,2 млн доллар (-27%) құрады.
Көршілес елдерге баратын экспорттың 49%-ы Қарағанды, Павлодар облыстарынан және Алматы қаласынан келеді. Қарағанды облысынан негізгі экспортталатын тауар - металл және минерал өнімдер. Өңірден құны 508,5 млн доллар болатын металл шығарылған.
Ал Қазақстанның ЕАЭО елдерімен импорты 14%-ға азайып, 9,6 млрд долларды құрады.
Республикамыздың ЕАЭО елдерімен импорт байланысында минералды өнімдер мен машина және құрал-жабдықтардың үлесі басым. Дегенмен минералды өнімдер импорты 2015 жылмен салыстырғанда 2%-ға азайып, 1,6 млрд долларды құраған. Машина мен құрал-жабдықтар импорты 2 есе азайып, 1,5 млрд доллар болды. Сондай-ақ азық-түлік импорты 8%-ға, металл 23%-ға және химиялық өндірісі тауарлары 44%-ға азайған.
Импорттың негізгі басым бөлігі Ресей және Беларусьтен келеді. РФ-мен импорт 9,1 млрд доллар, Беларусьпен 332,6 млн доллар құрады. Айта кету керек, Қырғызстанмен импорт 10%-ға көбейді. ЕАЭО елдеріне басты импортер - Алматы қаласы. Қала импорты 7%-ға азайып, 3,3 млрд долларға түсті. Алматыдан шығатын мұнай және мұнай өнімдерінің импорты 8%-ға көбейіп, 446,4 млн долларға жетті. Автомобиль импорты 57%-ға қысқарды.
Ресеймен экспортқа Қызылорда және Павлодар облысы (647 және 618 млн доллар), Қырғызстанмен экспортқа Алматы(113,4 млн доллар), Беларуське Қарағанды облысы (13,4 млн доллар) және Алматы (9 млн доллар), Армениямен саудаға Алматы облысы (210 мың доллар) тартылған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024