Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі төмендеп жатыр. 2015 жылдың қаңтар-тамыз айында тауар айналымы 10 988,9 млн АҚШ долларын құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 23,1%-ға азайды деп хабарлайды ҚР статистика агенттігі.
ҚР ЕАЭО-ға экспорты – 3 504,5 млн долларды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 26,9%-ға азайды, ал импорт – 7 484,4 млн доллар(21,2%-ға аз).
Жалпы, Қазақстан Республикасы экспортының көпшілігін минералды өнімдер (ЕАЭО елдерінің экспорт көлемі - 48,7% ), химиялық өнеркәсіп өнімдері (18,7%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (16,5%), мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (7,5%) құрайды.
Ал ЕАЭО елдерінен үлкен машиналар және жабдықтар (ЕАЭО елдері импортының жалпы көлемі - 29,8%), минералды өнімдері (14,6%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (14,5%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (14,4%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (13,0%) әкелінеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024