2015 жылдың алғашқы үш айы ішінде ет пен ет өнімдерінің экспорты 2,5 есе артты. Бұл туралы дүйсенбі күні орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков хабарлады.
2014 жылы салқындатылған сиыр етінің экспорты 2013 жылмен салыстырғанда алты есе артып отыр. 2014 жылы 615 мың тонна мұздатылған сиыр еті экспортталған, ал 2013 жылы бұл тауарды экспорты іс жүзінде болған емес.
Сиры етінің импорты 43,3%-ға төмендегені байқалып отыр. Егер 2013 жылы Қазақстанға 24 мың тонна әкелінсе, 2014 жылғы импорт - 16,8 мың тонна.
2015 жылдың алғашқы үш айы ішінде ет пен ет өнімдерінің экспорты 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе жоғарылады. Сыр мен ірімшік экспорты 4,6 есе артты.
А.Мамытбеков мұндай нәтижеге өсімдік өсіру мен мал өсіруді қаражаттандыру арасындағы дисбалансты теңдестіру арқасында қол жеткізілгенін баса айтты.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024