Экономика
Қазақстанның көліктік-транзиттік инфрақұрылымын дамыту үшін $40 миллиард қажет
2020 жылға таман Қазақстанда транзиттік тасымалдар көлемін екі есе арттыру және транзиттен түсетін табысты үш есе жоғарылату жоспарлануда. Бұл туралы дүйсенбі күні Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) директоры Ерлан Карин хабарлады.
Оның айтуынша, ҚХР мен Еуроодақ арасындағы жүк тасымалдарының көлемі 117 млн тоннадан 170 млн тоннаға дейін жетуі тиіс. Бұл ретте 2020 жылға таяу Қазақстан трансқазақстандық бағыттарға ҚХР мен ЕО арасындағ жүк ағымының кемінде 10 млн тоннасын жұмылдыруды жоспарлап отыр. "Ұлттық көліктік-транзиттік инфрақұрылымның моденизациясы үшін 40 млрд доллар қаражатты тарту жоспарлануда", - деп мәлімдеді Е.Карин. ҚСЗИ басшысы атап өткендей, ЕАЭО мен Жібек жолының Экономикалық белдеуі әлеуеттерінің бірігуі елдің транзиттік мүмкіндіктерін арттырады. "Елдің транзиттік-көліктік әлеуеттін іске асыру - ұлттық модернизация жобасының аясындағы негізгі басымдықтардың бірі. Астананың көлік стратегиясының басты міндеті - Қазақстанды ірі еуразиялық транзиттік хабқа айналдыру", - деді Е.Карин.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024