Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары интернет-портал арқылы есеп береді

Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары интернет-портал арқылы есеп береді

Алматы. 3 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдар дерекқоры - infonpo.kz интернет-порталы іске қосылды. Енді, жыл сайын 31 наурызға дейін Қазақстандағы барлық қоғамдық ұйымдар өз қызметі туралы ақпарат ұсынуға міндетті. Бұл туралы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Интернет-портал арқылы ақпарат беру тұтастай жұмыс процесін жеңілдетеді. Есепті толтырудың дұрыстығына ықпал етіп, пошта қызметіне ақы төлеу шығындарын есептемейді. Интернет-порталға халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алынған ұйымның электронды сандық қолтаңба кілті арқылы тіркелуге болады.

Үкіметтік емес ұйымдар деректер базасындағы ақпараттар жыл сайын ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері Комитетіне жыл сайын наурыз айының 31-не дейін ұсынылуы тиіс.

Ақпарат келесідей екі жолмен ұсынылады: үкіметтік емес ұйымдар дерекқорының интернет-порталы арқылы (infonpo.kz) пошта арқылы немесе қағаз және электронды БАҚ арқылы таратылады.

Дерекқорға ақпаратты ұсынбау, уақытында бермеу, сондай-ақ жалған немесе дұрыс емес ақпарат берген жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 489-1-бабына сәйкес, құқық бұзушылық орын алған жағдайда ескерту жасалады, ал қайталанатын болса 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, немесе заң бұзушылық жасаған ұйымның қызметі үш ай мерзімге тоқтатылады.

Деректер базасы қоғам алдында ұйымдардың қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Дерекқор арқылы азаматтар үкіметтік емес ұйымдар қызметіне қатысты қажетті ақпаратты ала алады, ал ұйымдар бір-бірімен ақпарат алмасып, сенімді серіктестер таба алады.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы