Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Оңтүстікте БТА мен Казкоммерцбанктің бірігуі аяқталды

Оңтүстікте БТА мен Казкоммерцбанктің бірігуі аяқталды

БТА банк және Казкоммерцбанк Оңтүстік Қазақстанда БТА филиалдарының бағдарламалық-аппараттық кешенінің біріктірілуі аяқталғандығы туралы мәлім болды деп хабарлайды Казкоммерцбанк баспасөз қызметі.

"Бұл филиал екі қаржылық институттың жоспарлы біріктірілуі аясында Казкоммерцбанк бағдарламалық қамсыздандырылуынан өткен БТА аймақтық бөлімшелерінің үшіншісі. Бұның алдында ұқсас іс-шаралар БТА-ның Жамбылдағы және Қызылордадағы филиалдарында сәтті жүзеге асты. Осылайша, Қазақстанның оңтүстік облыстарында жұмыс істейтін БТА мен Казком филиалдары бір-бірімен іс жүзінде толықтай біріктірілген", - деп айтылады жұма күні таратылған банк хабарламасында.

Хабарламада Казком мен БТА-ның ағымдағы операциялық қызметі кәдімгі тәртіпте жүзеге асырылуда, клиенттерге бұрынғыша банк қызметтерінің барлық кешені қол жетімді деп мәлімделеді.

Қызмет көрсетудің филиалдық желілері шамамен 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында біріктіріледі, бұл ретте БТА банк клиенттері бұрындары жасаған келісімдерін қайта рәсімдемейді және шот нөмірлерін және басқа банк реквизиттерін ауыстырмайды.

Алдында белгілі болғандай, БТА банктің 97,26% акциясына иелік еткен "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры Казкоммерцбанкпен және бизнесмен Кеңес Ракишевпен БТА-ның 93% акциясын сату туралы келісімге келді. Өткен жылдың жазында аяқталған мәміле аясында сатып алушылардың әрбіреуі несие ұйымының 46,5% акциясын алды. БТА-ның қалған 4,26% акциясын мемлекеттік қор Казкоммерцбанкке табыстады, осылайша Казком БТА-ның операциялық бақылауын иемденді.

Казкоммерцбанк 2014 жылдың қорытындысы бойынша активтер көлемі брйынша бірінші орында, БТА - үшінші.

 

Похожие материалы