Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның Орталық Азия елдерімен сауда айналымы 22 млрд теңгеге дейін өсті

Қазақстанның Орталық Азия елдерімен сауда айналымы 22 млрд теңгеге дейін өсті

5 жыл ішінде Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы экономикалық ынтымақтастық елдерімен тауар айналымы 17,5 млрд доллардан  22 млрд долларға дейін артты. Мемлекеттің ең ірі серіктесі - Қытай. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов Астанада өткен Орталық Азиядағы сарапатмалық орталықтарды дамыту туралы форум аясында мәлімдеді.

Оның сөзінше, Орталық Азия аймағындағы экономикалық ынтымақтастық елдері (ОААЭЫ) транспорт инфрақұрылымын жақсарту мен бизнесті жүргізу шығындарын азайту  мақсатындағы жұмыстарды жүзеге асырады. 2001-2015 жылдары ынтмақтастық елдерімен 6 жоба жүзеге асырылып, 23-і қолға алынды.

ОААЭЫ елдерімен жүзеге асырылған ең үлкен жобалардың бірі - Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізін қайта құру жобасы.

«ОААЭЫ елдерімен тауар айналымы 2010-2015 жылдар аралығында 17,5 млрд-тан, 22 млрд долларға дейін өсті.  Қазақстан үшін Қытай ынтымақтастық елдер арасында басты серкітес болып қала береді. Алайда дағдарыс кезеңінде тауар айналымының дамуы біраз бәсеңдеді", - деді ол.

ОААЭЫ елдері - Қазақстан, Ауғанстан, Әзербайжан, Қытай, Қырғызстан, Монғолия, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан.

Похожие материалы