Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы» мақсатына үкімет 2,4 трлн теңге бөледі

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы» мақсатына үкімет 2,4 трлн теңге бөледі

Астана. 13 ақпан. 7kun.kz - Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауының басымдықтарын іске асыру үшін ел үкіметі 2,4 трлн теңгеден астам қаржы бөледі. Бұл туралы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады.

Оның айтуынша, бюджеттің шығыс бөлігін нақтылаудың басым бағыты Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру болып табылады. Осы мақсаттарға бюджетте 2 435 млрд теңге қарастырылған. 

Жолдауды іске асыру келесі шаралар арқылы жүзеге асырылатын болады: экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту - 231 млрд теңге; бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту - 0,7 млрд теңге; макроэкономикалық тұрақтылық - 2 093,1 млрд теңге; адам капиталының сапасын арттыру - 86,2 млрд теңге; институционалдық түрлендіру, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес - 23,9 млрд теңге.

Похожие материалы