Қазақстанның ЖІӨ соңғы 7 ай көлемі бойынша 1,5%-ға азайды. Бұл туралы республика премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Ақордадағы экономикалық саясатқа қатысты жиналыста Бақытжан Сағынтаев төмендеу әлемдік экономикадағы қиын жағдайға байланысты орын алғандығын атап өтті. Оның айтуынша, ресейлік рубльдің девальвациясы отандық өнеркәсіп және ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер үшін қосымша қиындық туғызды. "Осыған байланысты сүт, ет, құс етінің өндірісін субсидиялауға бөлінген 6 млрд теңге көлеміндегі қаржы қайта бөлінді. Нәтижесінде өндіріс көлемі 10 пайыздан жоғары көтеріледі, ал құс шаруашылығында біз 12 мың жұмыс орнын сақтап қаламыз", - деп атап өтті Б.Сағынтаев.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024