Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz - Қазақстанның өндіріс тәсілімен шығарылған жалпы ішкі өнім көлемі 2015 жылы (алдын ала деректер бойынша) 40,8 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алдыңғы жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш (1,2%) аздап өскенмен, долларға қатысты 19%-ға қысқарған.
Ведомстводан хабарланғандай, ЖІӨ құрылымындағы өндірістік қызмет үлесі - 57,7%, тауар – 35,7%-ды құрады. Сондай-ақ, 2015 жылы ЖІӨ бойынша өнеркәсіп көлемі 24,8%, көтерме және бөлшек сауда – 16,7%, жылжымайтын мүлік – 8,8%, көлік және қоймалау үлесі – 8,5% болды.
Бұдан бөлек, жан басына шаққандағы ЖІӨ 2,3 млн теңгені құрады. Статистика комитетінің деректері бойынша, аталған көрстекіш 2014 жылмен салыстырғанда 27 мың теңгеге (1,1%) төмендеді. Доллар бағамына қатысты 20,1% -ға қысқарды.