Қазақстандықтардың қайырымдылық садақаларының көлемі 300-ден 400 млн. теңгенің аралығын құрайды. Өз кезегінде, АҚШ-та бұл мақсатқа елдің ЖІӨ-нің 2 пайызы жұмсалады. «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институты мен СШИК талдау тобының «Қайырымдылық туралы» заң жобасын талдауға арналған отырысында сарапшылар тарапынан осындай деректер жария етілді.
«Бұл өте аз көрсеткіш» дейді олар. Яғни, демографиялық көрсеткіштер тіліне салсақ, ел азаматтарының 0,5 пайызы ғана қайырымдылықпен айналысса, америкалықтардың 90%-ы кем-кетікке қарайласуды өзіне міндет санайды.
«Әлемдік дағдарыс өрістеп келе жатқанда, халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған бөлігін қорғау аса маңызды. Қайырымдылық саласының дамуы халықтың әл-ауқаты төмен бөліктерінің қорғалу сапасын арттырып, шығармашылықтың, мәдениет пен спорттың дамуына жол ашады. Сондықтан да, «Қайырымдылық туралы» заң аса өзекті», - деді шара қатысушылары.
Бұл орайда, қалыптасқан жағдайды оңғару үшін заң жобасына ашықтық пен есептілік тармағын күшейтуге ұсыныстар жасалды
«Қайырымдылық қорлары қызметіндегі жабықтықты және жемқорлықтың кез келген көріністерін жою қажет. Бұл партияның 2015 – 2025 жылдар аралығында іске асырылатын жемқорлыққа қарсы іс қимыл бағдарламасында ұсыныс етілген», - деп атап өтті «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары Серік Қожкенов.
Айта кетейік, жиынға қайырымдылық қорларының, меморгандардың өкілдері, сарапшылар, қоғам қайраткерлері мен бизнесмендер қатысты. Жалпы, қайырымдылық азаматтар мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырып, қоғам ынтымағының артуы мен адамсүйгіштікке бастайды және түп нәтижесінде адам капиталы мен ел әлеуетін арттырады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024