Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақтелеком Chocomart-ты сатып алды - Рамиль Мухоряпов

Қазақтелеком Chocomart-ты сатып алды - Рамиль Мухоряпов

Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz – «Қазақтелеком» Chocomart-ты сатып алды. Бұл туралы LS-ке Chocofamily холдингінің басшысы Мухоряпов айтқан.

Оның айтуынша, сервис жобаға салынған қаражаттан алты есе арзан бағаға сатылған. Мухоряпов «Chocomart» компаниясына шамамен 1,5 млн доллар инвестициялағанын және бұл олардың ең тиімсіз жобасы болғанын айтты.

«Жалпы айтқанда, «Қазақтелекомға» бұл сатып алудың не қажеті барын білмеймін. Біз 2017 жылдан бері осы активтен шығатынымызды айтып келеміз. Себебі біз оны инвестициялағымыз келмейді. Бізде одан басқа әлдеқайда жылдам дамып келе жатқан балама қызметтер бар. Chocomart-пен жұмыс істеу өте қиын. Себебі Sulpak, Technodom, Kaspi Red, Белый ветер секілді өзге де нарық орындары бар. Біз бұл нәрсенің кішкентай мен ірінің қайшылығы екенін түсіндік. Сондықтан, біз қызметтерді сатуға шешім қабылдадық», - деп түсіндірді Мухоряпов.

Оның айтуынша, сату туралы хабарлаған кезде «Қазақтелеком» АҚ өкілдері бірден хабарласқан.

«Олар сатасыңдар ма деп келді, біз «иә» дедік. Олар біз ұсынған бағадан алты есе төменге көндірді. Әрине бұл сатып алушы үшін жақсы. Егер «Қазақтелеком» шынымен ойыншы жасағысы келсе, оның базасымен бұл жеңіл жүзеге асады. Бастысы дұрыс команда жинаса, оларда нарықты «жаруға» мүмкіндік болады», -дейді ол.

Айта кетейік, 7kun.kz бұл туралы ақпарат жылдың басында хабарлаған еді. Бізге бұл туралы келісімнен хабары бар дереккөзі хабарлады. Сол кезде бұл туралы білу үшін, Chocomart-қа хабарласқан едік, компаниядан «бұл әлі нақты ақпарат емес», деп екіұшты жауап берді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы