Бизнесмен Александр Клебановтың компаниясы "Қазақтелеком" АҚ-ның 24,47%-ын сатып алды. Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.
"Қазақтелеком" АҚ-ның ең ірі акционері жасалған мәмілелер нәтижесінде Sobrio Limited (ААҚ) компаниясы болды. Sobrio Limited ұлттық компаниядан Bodam B.V.және Deran Services B.V. (Нидерланды) акциялар пакетін сатып алды.
"Барлық үш компанияның меншік иесі Александр Клебанов болып табылады. Келісім Қазақтелекомды ІРО-ға шығару процесі жүзеге асқан жағдайда басқару қызметінің ашық әрі тиімді болуын қамтамасыз ету мақсатында жасалды. Sobrio Limited ұлттық компанияның 24,47%-ын сатып алды", - делінген Қазақтелекомның хабарлмасында.
Қазақстан қор биржасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қазақтелекомның 15,18% акциясы BODAM B.V.-ға, 45,90%-ы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорына, 6,84%-ы DERAN SERVICES B.V. компаниясына тиесілі. Ал 1 қарапайым акцияның құны - 31 805 теңге, артықшылықпен берілген акция құны - 8 640 теңге.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024