Алматы. 27 қазан. 7kun.kz - 2017 жылдың қаңтар-қыркүйегінде "Қазақтелеком" АҚ 32,337 млрд теңге таза табыс тапты. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе төмен. Бұл туралы компанияның қаржы есебінде жарияланды.
Компанияның жиынтық пайдасы есептік кезеңде 4,4 пайызға 57 223 млрд теңгеге дейін, операциялық кірісі 6,8 пайызға 42 681 млрд теңгеге дейін өскен.
Компанияның активі 5,2 пайызға, 493,492 млрд теңгеге дейін өсіп, міндеттемелері 2,1 пайызға, 122,488 млрд теңгеге азайған, жеке капиталы 7,9 пайызға, 371,005 млрд теңгеге өскен. Қысқамерзімді тауарлық несие бойынша берешегі 24,2 пайызға, 9,099 млрд теңгеге дейін азайып, қысқамерзімді займдары 11,7 есе, 28,996 млрд теңгеге өскен. Ұзақмерзімді қарыздары 2 есе азайып, 26,391 млрд теңгеге қысқарған.