Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚазАгроҚаржы миллиардтаған шығынға ұшырады

ҚазАгроҚаржы миллиардтаған шығынға ұшырады

"ҚазАгроҚаржы" компаниясы 2015 жылдың ақпан-қыркүйек айларында 3,5 млрд теңге  көлемінде шығынға ұшырады. Өткен жылы осы уақытта 1,1 млрд теңге пайда түсірген болатын. Бұл туралы LS ұйымның қаржылай есебіне сілтеме жасап хабарлайды.

2015 жылы компанияның пайыздық емес шығымдары есепті кезеңде 8,8%-ға азайып 2,95 млрд теңгеге дейін төмендеді. Сонымен қатар, 2015 жылдың 9 айында пайыздық емес кіріс 5,7 млрд теңгеден астам минусқа кірді. Алайда, өткен жылы 1,3 млрд теңге көлемінде, оң көрсеткіште болған еді. Ұйымның пайыздық кірісі есепті кезеңде 23,3%-ға артып 15,2 млрд теңгеге жетсе, пайыздық шығымдар 26,6%-ға көбейіп,  7,15  млрд теңгеге жетті. Осылайша, таза пайыздық кіріс  21%-ға өсіп, 8,07 млрд теңгені көрсетті. 2015 жылдың 9 ай ішінде "ҚазАгроҚаржының" активтері 12,2%-ға (256,4 млрдтан 288 млрд теңгеге дейін) артты. Компанияның меншікті капиталы 5%-ға (101,5 млрдтан 96,4 млрд теңгеге дейін) төмендеді. Осы жылдың басынан бастап міндеттемелер 23,6%-ға өсіп, 191,45 млрд теңгеге көбейді. Естеріңізге сала кетейік, «ҚазАгроҚаржы» АҚ миссиясы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолайлы қаржы қаражаттарымен, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларымен және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы агроөнеркәсіптік кешенді техникалық және технологиялық жағынан жаңарту болып табылады.

Похожие материалы