Ауыл шаруашылық министрінің бұйрығымен және алғыз акционердің шешімімен 2015 жылдың 28 мамырынан бастап Мәлелов Нұрлыбек "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингінің төрағасы етіп бекітілді.
Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбековтың айтуынша, Мәлелов Нұрлыбектің қаржы институттары мен "ҚазАгро" холдингінде біраз тәжірибесі бар. Сонымен қатар министр холдингтің 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясына біраз өзгерістер енетінін де атап өтті. Өзгерістер еншілес компаниялары мен оның орындалу бағасын анықтайтын индикаторларды оңтайландыруға байланысты болмақ. Мәлелов Нұрлыбек еңбек жолын 1995 жылы Тұран банкінен бастаған. АТФ Банк пен ASTANA CAPIТAL Investment Group компанияларында басшы қызметтерінде болған. "ҚазАгро" холдингінің жүйесінде 2009 жылдан бер жұмыс істейді. Осыған дейін ҚазАгроның басқарушы директоры қызметін, ҚазАгроФинанс басқарма төрағасы қызметін, "Аграрлық несиелік корпорация" басқарма төрағасы қызметттерін атқарған.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024