20 наурыз. Алматы. 7kun.kz - 16 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев оралмандар мәртебесін жеңілдетілген тәртіппен 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, оралман мәртебесін алғандарға Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуға құқығы бар (қалған шетелдіктер Қазақстанда кемінде 5 жыл тұруы қажет).
Сонымен қатар, оралман мәртебесі оны алған күннен бастап бір жыл өткен соң тоқтатылады. Оралман мәртебесін ұзарту оралман мәртебесі тоқтатылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өтініш берген кезде жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алу мақсаттары үшін ғана көзделеді.
Бірақ, бүгінгі таңда оралмандар ұсынылған уақыт ішінде жеңілдетілген тәртіппен қазақстандық азаматтығын алмаған, көрсетілген жағдайдың туындау себептеріне қарамастан, мұндай мүмкіндіктен айырылады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне осы мәселені шешуге көмек көрсету бойынша көптеген өтініштер келіп түсуде.
Осыған байланысты, Нұрсұлтан Назарбаев оралман алып үлгермегендерге уақыт беру туралы шешім шығарған.
Осылайша, мәртебесі кешіктірілген оралмандар оны ұзарту және қазақстандық азаматтығын алу үшін ішкі істер органдарына құжаттарды оңайлатылған тәртіппен беру үшін жергілікті атқарушы органдарға жүгіне алады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024