Алматы. 31 тамыз. 7kun.kz - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Каустик» АҚ-дағы 40% акциялар пакетін сатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы акционерлік қоғамның баспасөз қызметі хабарлады.
Конкурстық құжаттамалар мен екі кезеңдік ашық конкурстың хабарламасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның (www.kazatomprom.kz) веб-порталында орналастырылған. 40 пайыз акциялар пакеті үшін сұралатын бастапқы баға 7 млрд 440 млн теңгені құрайды.
Конкурс «Самұрық-Қазына» АҚ және дауыс беру акцияларының 50 пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-на меншік ретінде тиесілі болған ұйымдар активтерін сату және қайта құрылымдаудың бірыңғай ережелері мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ активтерін сату жөніндегі Комиссия бекіткен конкурстық құжаттамаларға сәйкес жүргізіледі. Бұл «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген. Ашық екі кезеңдік конкурсқа өтінімдер қабылдау 2017 жылғы 25 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 15.00-де аяқталады.
Ата кетейік, «Каустик» АҚ - қолданыстағы барлық қазақстандық және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін заманауи химия өндірісі. Кәсіпорын каустикалық сода (30 мың т/ж), сұйық хлор (26 мың т/ж), тұз қышқылын (45 мың т/ж), сондай-ақ натрийдың техникалық гипохлоритін (6,6 мың т/ж) шығарады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024